Кең адымдайтын

22.07.2021

Өндіру және аршу ісі шеберлерінің арасындағы кәсіби конкурстың сериясын драглайн типті немесе қарапайым тілмен айтқанда «адымдаушы» экскаваторлардың машинистері жапты.

Конкурс өткізуге арналған алаңша «Богатырь» кенішінің аршу және үйінді жұмыстар учаскесі болды. Өндірістік жарысты  ЭШ 13/50 № 3744 экскаваторының бригадирі Владислав Сартаков ашты. ЭКГ экскаваторларындағы әріптестеріне сияқты қатысушыларға алдымен өздерінің тәжірибелік дағдыларын көрсету ұсынылды. Басқару педалін баса отырып олар желдің азғантай лебінің инерциясымен қозғалған добы бар экскаватор шөмішін орнатылған сақинаға апарды. Себетке допты лақтыру үшін олар сақтық пен жинақтылық көрсетті. Бұл үшін конкурсқа қатысушыларға үш талпыныс берілді, оны көбі орындай алмады. Практикалық турдың екінші тапсырмасы – эквкаватор шөмішінің ілмегіне байланған тас толтырылған шелекті арнайы металл жиектің ортасына қою болды. Бұл тапсырманы орындау үшін конкурсқа қатысушыларға шебер әрекеттер, болаттай төзімділік пен қырағылық қажет болды. Оны да барлығы бірдей орындай алмады.

Конкурстың теориялық кезеңінде ұйымдастырушылар әдеттегі тестілеуден бас тартып, білімді әділ бағалау үшін классикалық жазбаша емтихан алуды шешті, оның барысында 15 сұраққа жауап беру қажет болды.

Оның жауаптары – өз машинасын, оның тарихын, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауды жақсы білу. Өндіріс теориясын білу конкурстың қорытындысын шығарған кезде үлкен маңызға ие болды. Кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздары ЭШ типті экскаватор машинисті В.Сартаков (ЖжәнеҮЖУ, ЭШ №2706), екінші орын М.Алимжановқа (ЖжәнеҮЖУ, ЭШ №2706), үшінші орын В.Беллерге (ЖжәнеҮЖУ, ЭШ №2726) берілді. Биылғы жылы жеңімпаздардың сыйлығы дәнекерлеу аппараты, күміс жүлдегерге – мобильді автожуу, үшінші орын иегеріне – перфоратор берілді. Конкурстың қалған қатысушыларына ынталандыру сыйлықтары берілді. 

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу