Облыс бойынша үздік отбасы

21.07.2021

Мынбаевтар богатырлық  әулеті «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық турында ең үздік атанды. Енді Мынбаевтарға республикалық деңгейде үздік отбасы мәртебесін қорғау қажет.

Еліміздің беделді отбасылық конкурсы міне бірнеше жылдан бері қазақстандық отбасылардың еңбектік, шығармашылық, зиялылық жетістіктерінің көрсеткіші болып қалуда. Қатысушылар оған мұқият дайындалады. Мынбаевтар отбасын конкурсқа дайындауға «Богатырь Көмір» мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі топ жетекшісі Манар Ерботина белсене қатысты. Мынбаевтар әулетінің бастамашысы көп жыл бойы ОПЭ машинисті болып еңбек еткен Қасымхан Темірханұлы болды. Оның ізін ортаңғы інісі Жұмақан басты. № 1 энергошаруашылық учаскесінде жылу пунктінің операторы болып оның жұбайы Ғалия жұмыс істейді. Ағайындылардың кішісі Нұрлан БЖКБ «Богатырьская» станциясында пойыздарды құрастырушы  болып еңбек етеді. Компанияда ағайындылардың балалары да жұмыс істеуде: Жұмақанның ұлы Естай – энергиямен  жабдықтау учаскесінде электр слесарь; Нұрланның ұлы Темірлан  – пойыздарды құрастырушы. Мынбаевтар отбасы еңбек жетістіктері үшін бірнеше рет марапаттарға ие болды. Ағайындылардың үлкені Қасымжан «Шахтер Даңқы» белгісінің  кавалері,  көмір өнеркәсібінің құрметті жұмыскері,  «Компанияның үздік жұмыскері» атағына ие. Жұмақан мен Нұрлан да «Шахтер Даңқы» белгісінің толық кавалерлері. Бұл отбасы туралы толық ақпаратты «BOGATYR. кz» корпоративтік басылымының №5 – 2021 ж. санынан оқи аласыздар. Бұл «Богатырь Көмір» компаниясының екінші жетістігі екенін айта кеткен жөн. 2019 жылы Төлеубаевтар отбасы ең үздік деп танылған.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу