Құрметті демалысқа шығарып салдық

03.07.2014

Дәстүрді жаңдандыра отыра

 

«Богатырь» кенішінде зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салу дәстүрі жанданды.

Шығарып салу пионерлері ЭМС аға механигі Манасбек Сармурзин, өндірістік моншаның жұмысшысы Екатерина Гаджиева, ашу кешенінің диспетчерлік қызметінің операторы Несвелди Бальжанова, байланыс жүйесінің электр жөндеушісі Виктор Полуянов және учаске бастығы Владимир Левченко. Қуаныш иелеріне «Богатырьдің» салтанат залында құрмет көрсетті .

Ду қол шапалақпен зейнеткерлерге алғыс хаттар, гүлдер және роторлы доңғалақ және өз өмірлерінің көп бөлігін ауыр еңбекке арнаған кеншілер туралы шағын өлең шумақтары бейнеленген естелік сыйлықтарын табыс етті. «Богатырь» кенішінің жастар қозғалысы көмір шығарушылар үшін естелік фотоальбомдарын дайындады. Фотосуреттерде – олардың кәсіпорын жұмысымен байланысты сәттері.

Жұмысшылардың құрметті демалысқа шығуымен «Богатырь» кенішінің директоры Серік Макаров, цехтық кәсіподақ комитетінің төрағасы Елизавета Майненгер және «Богатырь» кенішіндегі жастар қозғалысының өкілі Владимир Тюлин құттықтады. Арнайы рәсімнен кейін «тамаша бестікті» фуршетке шақырды.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет «Богатырь» кенішінің мұрағатынан

Жаңалықтар тізіміне оралу