Шөміш ісінің шеберлері

19.07.2021

Кәсіби шеберлік байқауларының эстафетасын ЭКГ типті шөміш экскаваторларының машинистері жалғастырды.

Алдымен он екі қатысушы іс жүзінде не істей алатындығын көрсетті. Кабинаның биіктігінен қарап, олар кезек-кезек шөмішпен баскетбол добын қашықтыққа бекітілген сақинаға лақтыруға тырысты. Әрқайсысы үш әрекеттен жасады. Содан кейін оларға шөмішпен жеңіл түрту арқылы ағаш тақтаға шегені соғып кіргізу ұсынылды. Практикалық бөліктің соңғы міндеті-шөміштің ілмегіне байланған су толтырылған шелекті  төгіп алмай, арнайы дайындалған металл жақтауға дәл қою болды.

Конкурстың теориялық кезеңінде тәжірибелі экскаваторшыларға білгірлікті көрсету қажет болды-өз машинасының тарихы, оның техникалық сипаттамалары, механизмдердің жұмыс қағидалары, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау мәселелері бойынша бірнеше сұрақтарға жауап беру. Айта кету керек, өндіріс теориясын білу көп нәрсені анықтады. Кәсіби шеберлік конкурсының қорытындысы бойынша В.Вахрушев ЭКГ типіндегі экскаватордың үздік машинисті болып танылды (№ 3 ӨЖУ, ЭКГ-12,5 № 2647), екінші орынды Б. Беспальков (№ 2 ӨЖУ, ЭКГ-4УС № 2476), үшінші орынды Д. Шестаков (№ 3 ӨЖУ, ЭКГ-15М № 1901) жеңіп алды. Осы жылы бас жүлде ретінде конкурс жеңімпазына дәнекерлеу аппараты, екінші жүлдегерге – мобильді автожуу, үшінші орын алғандарға – перфоратор тапсырылады. Ынталандыру жүлделерімен конкурстың қалған қатысушылары да марапатталады.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу