Роторшылар бастайды

16.07.2021

«Богатырь Көмір» компаниясында кәсіби шеберлік конкурстары басталды. «Мамандығы бойынша үздік» атағы үшін өндірістік жарысқа бірінші болып СРс (К)-2000 №№ 1143, 1144, 1145, 1146, 1105, 1106 роторлық экскаватор машинистері түсті.

Теориялық тур барысында оларға өз білімдерінің тереңдігін көрсету қажет болды. Экипаждың әрқайсысына-ротор машинистіне, тиегіш машинистіне, электрик- машинистке фотоиллюстрация бойынша бақылау-өлшеу аспабын дұрыс атау, оның міндетін көрсету, техникалық сипаттамаларын атап беру қажет болды. Электрик- машинистер, сонымен қатар, электр жабдықтарына қызмет көрсету туралы сұрақтарға жауап беріп, электротехниканың негізгі заңдарын білу тапсырмаларын шешу керек болды. Практикалық тур кезінде ротор машинистері көмірді уақытша беру жылдамдығына, тиегіш машинистері жартылай вагондардың тиеу паспортына сәйкес борттар бойынша тікелей тиеу ретінде жарысты. Биылғы жылы ұйымдастырушылар күрделі ойжұмбақты электрик- машинистерге дайындады. Конкурсқа қатысушылардан қашықтан басқару пультіне қосылуы керек болатын іске қосқыш автомат пен шамнан тұратын шағын электр сұлбасын жинау қажет болды. Бұл сұлбаны барлығы бірдей жете түсіндіре алмады, бірақ олардың ішінен тапсырманы жақсы орындап шыққандар да болды.

Кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері екі турдан жинаған балдарының сомасы бойынша анықталды. Бірінші орын, «Мамандығы бойынша үздік» атағына және бас жүлде – дәнекерлеу аппаратына: ротор машинисті А.Змазнев (№1 ӨЖУ , № 1145экскаватор), тиегіш машинисті В. Кочерга (№2 ӨЖУ, № 1106 экскаватор), электрик-машинист Д. Воложанин (№1 ӨЖУ, № 1105экскаватор) ие болды.

Екінші орынды және мобильді автожууды: ротор машинисті Ж.Айтмағамбетов (№1 ӨЖУ, № 1146 экскаватор), тиегіш машинисті Б. Әшімтаев (№1 ӨЖУ, № 1143 экскаватор), машинист-электрик Р. Түкаев (№1 ӨЖУ, № 1146 экскаватор) жеңіп алды.

Үшінші орын және жүлде ретінде перфоратор ротор машинисті А.Бекмұханбетовке (№1 ӨЖУ, № 1144 экскаватор), тиегіш машинисті Б. Жұмабековке (№1 ӨЖУ, № 1146 экскаватор), электрик-машинист Б. Қаржаспаевқа (№1 ӨЖУ, № 1143 экскаватор) берілді.

Конкурстың басқа да қатысушылары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу