Ертегілердің мұз кейіпкерлері

04.01.2012

«Вести Экибастуза»,  газеті, №51, 2011 жылғы 22 желтоқсан.

 

                                                      Кешқұрым «Богатырь Көмір» компаниясының бас офисі алды жаңа жыл кешіне лайық кейіпке енеді.  Жарқ-жұрқ еткен гирлянд оттары, от шамдармен көмкерілген  ағаштар, неон шамдардың толассыз ағыны көз тартады. Осы көрініске оң қолынан өнер тамған компания шеберлері жасаған қазақ ертегілерінің кейіпкерлері қызыға қарап тұрғандай.  

            Жаңа жыл алдында бұл ертегілер әлемінен келген кейіпкерлерді  кәсіпорынның жөндеу-құрылыс басқармасының жұмыскерлері бірнеше күн ішінде мұздан құйып, жонып жасады. Бұл жұмысты жүруін осы құрылыс учаскесінің  бастығы Валентина Саложина қадағалап отырды. Мұз кейіпкерлері ретінде ешқашан ренжуді білмейтін, тапқыр Алдар көсе, ғажайып  құс Самұрық, Күнкей сұлу,аңыз кейіпкері Қорқыт ата, ертегідегі Байтерек таңдап алынды. Мұз бейнелерді құрылыс учаскесінің ағаш шеберлері жасады. Олардың бірде бірінің сурет салу бойынша арнайы мамандығы жоқ. Тек осылардың ішінен өздігінен өнерді үйренушы деп Сергей Федутикті атауға болар еді. Ол көбінесе ағашан түйін түйеді, ағашты ойып түрлі фигуралар жасайды. Соңғы жылдары Сергей мұздан түрлі бейнелер жасауға машықтана бастады. Оған көмекке басқа да жұмыскерлер, ағаш шеберлері келді. 

Жаңа жыл алдында компанияда ең жақсы мұз бейнелері байқауына қорытынды жарияланды. Ең жақсы мұз бейнесі Алдар көсе екендігі аталды. Оны жасаған Константин Вагнер. Сарапшылар алқасы Сергей Федутиктің Қорқыт атасын да үздік бейне деп таныды. Ал Кемелбек Серғазиннің Самрұрық құсы   үшінші орынды иеленді. Жеңімпаз шеберлерге ақшалай сыйлық берілді. 

 

  

Жаңалықтар тізіміне оралу