Арнайы киіммен қамтамасыз етілді

15.04.2021

2020 жылғы желтоқсаннан бастап «Арнайы аяқ киім» пилоттық сатып алу категориялық стратегиясы шеңберінде барлық еншілес ұйымдар үшін орталықтандырылған сатып алуды «Самұрық-Энерго»АҚ жүзеге асырады. «Богатырь Көмір» ЖШС үшін жалпы сомасы 230 млн теңгеден астам арнайы аяқ киім сатып алынды.

Арнайы аяқ киімді жеткізу ұзақ мерзімді шарттар жасалғаннан кейін жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бүгінгі күні орталық қоймада және серіктестіктің арнайы киімінің салонында арнайы аяқ киім мен арнайы киімнің қажетті қоры бар. 2018 жылы жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шартына сәйкес арнайы киімнің резервтік қорлары үнемі толықтырылып отырады. Егер қолда бар стандартты көлемдегі арнайы киім жұмыскердің параметрлеріне сәйкес келмеген жағдайда, «ТAILOR-S» тігін фабрикасы» ЖШС-да оны жеке тігуге тапсырыс ресімделеді.

Қызметкердің арнайы киімді уақтылы алуына ештеңе кедергі келтірмейді, ол тек тікелей басшыға алдын ала өтініш беруі керек.

Қызметкерлерге ыңғайлы болу үшін, 2020 жылдың қараша айында ТКЖЖ зауыты, Қонаев даңғылы, 65а, мекенжайы бойынша жаңа арнайы киім салоны ашылды

Салонның жұмыс кестесі: 

сейсенбі сенбі аралығында сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін;

түскі ас сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін.

Бухгалтерияға құжаттарды беру мен ресімдеу сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін.

Арнайы киімді есепке алуды автоматтандыру үшін компанияда «1С8: Кәсіпорын 8.3» платформасында «Арнайы киім мен мүкәммалды есепке алу» бағдарламасы енгізілуде екендігін айта кету керек.

Жаңа жүйенің ерекшелігі, ол арнайы киімнің қоймаға келіп түсуінен және пайдалануға берілуінен бастап құнын есептен шығаруға және құнын өтеуге дейін қозғалыс үдерісіне ашықтық береді. Сонымен қатар, онда жұмыс киімдерін сатып алумен айналысатын коммерциялық дирекцияның менеджері де жұмыс істей алады. Жүйе оның қорларын бақылауға мүмкіндік береді: сол кезеңінде қанша арнайы киім пайдалануға берілді, қоймаларда қандай мөлшердегі арнайы киім бар, сондай-ақ жаңа сатып алуды жоспарлауға.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу