Пилоттық жоба әрекет етуде

17.04.2021

Тиісті нұсқаулықтардың талаптарын және жұмысты орындаудың қадамдық алгоритмін толығымен орындаудың маңыздылығын көбінесе жұмысшылар бағаламайды, бірақ бекер.

Мұндай бұзушылықтар ауыр апаттарға, күйреулерге және жазатайым оқиғаларға әкеледі. Егер қызметкердің бұл талаптарды бұзуы ауыр зардаптарға әкелмесе де, бұл оның келесі жолы болмайтындығын және қызметкердің жеке өміріне ғана емес, әріптестерінің өміріне де қауіп төндірмейтіндігін білдірмейді.

«Богатырь Көмір» ЖШС тәжірибесі көрсеткендей, мұндай ереже бұзушылықтар екі факторға байланысты:

- адамның мінезі және оның еңбек міндеттеріне деген қарым-қатынасы (қызметкер барлық талаптар ресми және тек «көзбояушылық»  үшін жазылған деп санаса).- бригада мүшелерінің өзара түсіністігінің болмауы (мінездерінің айырмашылығына байланысты бригаданың бір мүшесі ережелерді бұзған кезде, ал қалғандары барлық талаптарды сақтау қажеттілігін қорғай алмайды).

   Жоғарыда аталған жағдайларды есепке ала отырып «Богатырь Көмір» компаниясы Ресей теміржолдары мен Қазақстан теміржолының болашақта штаттан тыс жағдайлардың туындауына алып келетін факторларды анықтау және оларды барынша азайту жөніндегі оң тәжірибесін алды.

Қазіргі уақытта Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасында тартушы агрегат машинистерін және тартушы агрегат машинистерінің көмекшілерін психологиялық іріктеу бойынша пилоттық жобаны енгізуде. Бұл пилоттық жобаның басты мақсаты жұмысшылардың жарақаттануын азайту, пойыз қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындау кезінде ақаулар санын азайту болып табылады

Пилоттық жоба аясында «Ақ Сұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешенін пайдалана отырып, Богатырь ЖКБ локомотив бригадаларына психофизиологиялық зерттеу жүргізілді.

Арнайы әдістемелерге сәйкес қызметкерлердің бірсарынды әсер ететін факторлар жағдайында шұғыл әрекетке дайындығы, олардың қозғалыс белсенділігімен үйлескен көру сигналдарына реакция дәрежесі, зейіннің ауысу жылдамдығы, шуылға төзімділік, күйзеліске төзімділік, тұлғааралық қарым-қатынастағы мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері анықталды.

Жобаға Сериктестіктің 19 жұмыскері қатысты. Алынған нәтижелерді қызметкерлердің кәсіби жарамдылығын анықтау әдістемелерін таңдау және оларды «Богатырь Көмір» ЖШС-да қолдану рәсімдерін әзірлеу үшін пайдалану жоспарлануда.

Компания бұл жоба локомотивтер қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттырады және штаттан тыс жағдайларда машинист пен көмекшінің іс-қимылдарының келісімділігін қамтамасыз етеді деп есептейді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу