Қордың жаңа атауы
23.12.2020
«Богатырь Көмір» ЖШС қоғамдық қоры - «Богатырь Көмір» корпоративтік қоры деп өз атауын өзгертті.
Еске сала кетейік, компания құрған қор 2 мыңнан астам қазіргі таңда қызмет атқармайтын зейнеткерлер мен кәсіпорын ардагерлеріне, мүгедектерге, еңбек майданына қатысушыларға, көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, 18 жасқа дейінгі балалары бар жесір аналар мен жесір әкелерге, мүгедек балалардың ата-аналарына, өмірде қиын жағдайға душар болған қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетеді. Атап айтсақ, 2020 жылы «Богатырь Көмір» корпоративтік қоры жалпы сомасы 84 млн. астам теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.
«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.