Шағын болса да шымыр

11.01.2021

«Богатырь Көмірдің»  арнайы жабдықтар паркі FD-18 сериялы жаңа «LTMG-30»  жүк көтергіш машинасымен толықты.  

Көлемі кішігірім, бірақ маневрлі тиегіш салмағы 2 тоннаға дейінгі жүкті көтеруге және қозғалтуға қабілетті, ал оның көтерілуінің максималды биіктігі 4,5 метр.

Жаңа тиегіш тиеу-түсіру, сондай-ақ компанияның тауар-материалды қорын қоймаларға тасымалдау үшін қолданылады. 

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу