Энергетиктердің мерекесі

22.12.2020

Қазақстанда желтоқсан айында дәстүр бойынша кәсіби мереке - Энергетик күні атап өтіледі.

«Богатырь Көмір» компаниясында энергетика саласының мамандары ерекше орын алады. Олар барлық бөлімшелерге электр қуатын үздіксіз беріп, кеніштегі қозғалысты қамтамасыз етеді. Бүгін энергиямен жабдықтау жөніндегі Дирекцияның басшылығы әкімшілік атынан компания энергетиктерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Әр учаскенің ұжымына сыйлық ретінде қоғамдық тамақтану комбинаты арнайы дайындаған торттар табыс етілді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу