Акция жалғасуда

02.11.2020

 «Богатырь Көмір» қызметкерлері біріккен жастар қозғалысының жақсылық жасау бастамасын қолдады.

Осыдан бір ай бұрын жеті құрылымдық бөлімшенің әкімшілік ғимараттарында орнатылған «жақсылық жәшігіне» немқұрайлы қарамайтын қызметкерлер киім, аяқ киім, кеңсе тауарларын әкелді. Барлық заттар жақсы жағдайда болды, ал кейбіреулері заттаңбаларымен мүлдем жаңа болды. Компанияның БЖҚ қатарындағы еріктілері көп балалы отбасыларға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, жалғыз басты зейнеткерлерге заттарды таратып берді. Акция бір реттік емес, сондықтан тілек білдірушілер қайырымдылыққа өз үлестерін қосып, сіздің отбасыңызға қажет емес заттарды ала алады.

«Жақсылық жәшігі» орнатылған құрылымдық бөлімшелер офистерінің мекенжайлары төменде көрсетілген:

-  Южная ст., БЭҚ ӘТК, № 14-каб.;

-  Степная ст., БЖКБ ӘТК, 1-қабаттың дәлізі;

-  Ковыльная ст., Автобаза/ТКБ ӘТК;

-  ТКЖЖ зауыты/ орталық есіктің жанында;

-  «Богатырь» кеніші ӘТК, 1-қабат,  медпункттің жанында.

Естеріңізге сала кетейік, акция ұйымдастырушылары сыйға тартушылардан берілетін аяқ киім мен киімнің дақсыз және тесіксіз, жұмыс ілгектері мен бүтін баулары бар таза болуын сұрайды.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу