Жылу сыйлау

28.10.2020

«Богатырь Көмір» компаниясы қайырымдылық көмек ретінде пешпен жылытылатын үйлерде тұратын аса мұқтаж екібастұздықтарға 3 000 тонна көмір бөлді.

Қысқы суықтар қарсаңында 600 Екібастұз отбасы үшін бұл көмек баға жетпес және уақтылы. Серіктестік үшін аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмірді тегін беру-бұл кәсіпорынның көптеген жылдар бойы жүргізіп келе жатқан игі дәстүрі.

«Богатырь Көмір» компаниясы екібастұздық Ақкөл ауылының «Исабек ишан» мешіті имамының рухани мекемеге көмірді тегін бөлу туралы өтінішін назардан тыс қалдырмай, қанағаттандырды. Кәсіпорын мешітке 20 тонна көмір бөлді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу