Баспасөз / жаңалықтар

Шексіз көмек

27.10.2020

Шынайы әлеуметтік жауапкершіліктің шегі жоқ. «Богатырь Көмір» ЖШС – Екібастұз өңірінің әлеуметтік саласына ғана емес, көршілес аудандарға да тұрақты көмек көрсететін санаулы кәсіпорындардың бірі.  

Бұған дәлел, соңғы мысал. Серіктестік Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесінің күмбезді бөлігін жөндеуге қайырымдылық көмек ретінде «Баянауыл ауданының қайырымдылық қоры» қоғамдық қорына 1 506 670 теңге бөлді. Компания көрсеткен қаржылық көмек баянауылдықтарға алғашқы көмек емес. Біраз уақыт бұрын кәсіпорын Баянауыл аудандық ауруханасының провизорлық бөлімшесі үшін екі оттегі ылғалдандырғышын сатып алу үшін қайырымдылық көмек түрінде 260 000 теңге бөлді.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list