Көңілді және креативті

26.10.2020

«Богатырь Көмір» жүргізушілері өздерінің кәсіби мерекелерін көңілді және креативті атап өтті.

Мереке қарсаңында автобаза және технологиялық көлік басқармасы қызметкерлерін бөлімше басшылары құттықтап, оларға қоғамдық тамақтандыру комбинатының аспазшылары дайындаған дәмді торттарды табыс етті. Ал сенбі күні таңертең Бауыржан Момышұлы көшесі, 23 мекенжайы бойынша орналасқан кеңсе маңында біріккен жастар қозғалысының күшімен дайындалған автоквестке қатысқан топ өкілдері жиналды. Қатысушылар ұйымдастырушылар дайындаған бірқатар тапсырмаларды орындап, мәреге бірінші болып келулері қажет болды. Келесі кезеңді орындағаннан кейін әр жолы олар келесі кіру коды мен бағытын алды, бұл оларға әрі қарай жүруге мүмкіндік берді. Тапсырмалар зияткерлік және тәжірибелік болды. Жүргізушілер алып-шахмат, моджанг ойнады, лабиринттен өтті. Ауыспалы табыспен АТБ (автомобиль көлігі учаскесі) командасы жеңіске жетті. Қорытынды жасалғаннан кейін оларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар берілді. Бұл күні барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарын алды.

«Богатырь Көмір» ЖШС–нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу