Аспазшылар Күні

24.10.2020

«Богатырь Көмір» қоғамдық тамақтану комбинатының аспазшыларымен «Мамандығы бойынша үздік» аспазшылар жекпе-жегінде еуропалық асхананың таңдаулы тағамдары ұсынылды.

Төрт команда бар өнерін салды. Қатысу үшін оларға Германия, Америка, Италия, Греция елдерінің рецептерін түйірмен жинауға, тағам құрамдарымен ғана бөлісіп қоймай, оның ингредиенттерін де жіберген таныстармен  байланысуға тура келді.   Ұлттық тағамдардың әртүрлілігі қазылар алқасын тәнті етті. Үстел басында итальян равиоласы, американдық күркетауығы, сырадағы неміс сирағы, чизкейк және тағы басқалары болды. Аспаздық шеберліктерінен басқа, аспазшылар өздерін интеллектуалдық байқауларда, сонымен қатар жылдамдықпен қуырылған нан жеуде және бутерброд әзірлеуде көрсетті. Итальян тағамдарын ұсынған  Наталья Уланова және Перизат Набиева барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, жекпе-жек жеңімпазы атанды. Барлық қатысушылар диплом мен сертификатқа ие болды. Оған қоса, кәсіби мерекесі аспазшылар Күніне орай ҚТК үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Ал жеңімпаздар итальян күріш шарлары аранчини рецептісімен бөлісті. Оны әзірлеу үшін күрішті пісіріп, оған жұмыртқа мен үгілген ірімшік қосу қажет. Қоспасынан жұқа нан жасап, ішіне тартылған еттің немесе саңырауқұлақтың кез келген салмасын саласыз. Оған бұрыш, кинза, тұз қосып қызанақ бұқтырылатын  маринар тұздығы бір сағат ішінде әзірленеді.

Астарыңыз дәмді болсын!

«Богатырь Көмір» ЖШС – нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу