Қызметкерлердің денсаулығы – басымдық

07.10.2020

«Богатырь Көмір» ЖШС-де тұмауға қарсы ерікті вакциналау науқаны басталды. Тегін егуді ниет білдірген барлық қызметкерлер, бірінші кезекте адамдар көп тартылған өндірісте тікелей жұмыс істейтіндер ала алады.  

«Богатырь Көмір» ЖШС сатып алған «Инфлювак» вакцинасының 1200 орам көлеміндегі партиясы Компанияның құрылымдық бөлімшелеріндегі медициналық пункттерге келіп түсті. Коронавирус індетіне байланысты дәрігерлер вакциналауды назардан тыс қалдырмауға қадала сұрайды. «Богатырь Көмір» компаниясы үшін қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау – басымдық болып табылатынын олар үшін ұйымдастырылған тұмауға қарсы тегін вакциналау кезекті рет растайды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу