Баспасөз / жаңалықтар

Көмектесу оңай

30.09.2020

«Богатырь Көмір» қызметкерлері біріге отырып, жақын адамдарға көмектесуге болатындығын бірнеше рет дәлелдеді. Көбінесе адамдар – мұқтаж адамдармен бөліскісі келетін заттарды қайда және кімге беруге болады деген сұрақпен жүгінеді. Енді компанияда іске қосылған «Жақсылық жәшігі» акциясының арқасында бұл мүмкін болды.

Компанияның жеті құрылымдық бөлімшесінің әкімшілік ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған, оларға аяқ киім, киім, кеңсе тауарлары, ойыншықтар салуға болады. «Жақсылық жәшіктері» толған кезде жиналған заттар аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен жетім балалар арасында таратылатын болады.

Бұл ретте акция ұйымдастырушылары сыйға берушілерден берілетін аяқ киім мен киімнің таза, дақтарсыз және тесіксіз болуын, ілгектері  мен бауларының бүтін болуын сұрайды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list