Мерекеге сыйлықтар

01.10.2020

Бұрынғы дәстүрді жалғастыра отырып, 1 қазан күні атап өтілетін Қарттар күнінде "Богатырь Көмір" компаниясы кенші-ардагерлер мен еңбек майданының қатысушыларын қамтыды.

Бұл күні компанияның біріккен жастар қозғалысының белсенділері ардагерлерге отыз азық-түлік жиынтығын жеткізді. Кеншілер азық – түлік жиынтығына ең қажеттісін салды- жарма, шай, сүт, өсімдік майы, қоюландырылған сүт, макарон, бұқтырылған ет, ұн.

Сонымен қатар, компания 2 000-нан астам ардагерлер мен мүгедектерге материалдық көмек төлеуге шамамен 7 000 000 теңге бөлді. Жұмыс істемейтін зейнеткерлер 3 000 теңгеден алды.  4 000 теңгеден мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерге аударылды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу