Кеншілердің басты мерекесі.

29.08.2020

«Богатырь Көмір» компаниясы жұмыскерлерінің шығармашылық күшімен Шахтёр Күніңе  алғаш рет онлайн форматында ұйымдастырылған мерекелік бағдарламасы ойдағыдай өтті.

 «Сәлем, Богатырь» қойылымының ұйымдастырушылары оны аса қызықты және әр түрлі жасай алды. Компания басшылығымен тұрақты серіктестіктердің бейнеқұттықтаулары, әзіл дәмі араласқан қызу «шахтёр» жаңалықтары, мерекелік студияның қонақтары, кәсіпорын өмірінде өткен «шахтёр» жылының қызықты оқиғалары туралы түсірілімдер, «Табиғат сыйы» және «Болашақтағы кеніш» онлайн байқауларына қатысушылардың жұмыстарының бейне тұсау кесері және еңбек наградаларымен белгіленген озат қызметкерлер туралы бейнеролик — YouTubтағы «Богатырь Көмір» арнасында және Instagramдағы @bogatyr.kz аккаунтында тікелей хабар тарату арқасында мерекеге қатысқан көрермендердің үлкен аудиториясына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал «Сәлем, Богатырь» мерекесінің басты ерекшелігі компания қызметкерлеріне арналған бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны болды: үш «ВАЗ» автокөлігі және 200ден аса бірлік әр түрлі тұрмыстық техникалары.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу