Нағыз керек зат
18.08.2020
«Богатырь Көмір» компаниясы Қазақ зағиптар қоғамы Екібастұз оқу-өндірістік кәсіпорнына тігін машинасын сатып алу үшін қаржылық көмек көрсетті.
385 000 теңге көлемінде кәсіпорын бөлген ақшаға екі заманауи тігін машинасы және пішу пышағы сатып алынды. Енді «Богатырь Көмірдің» арқасында ҚЗҚ тігін ісінің шеберлері қала ұйымдарына өткізізілетін өнімнің түржинағын барынша ұлғайта алады. Әсіресе, арнайы киімдерді және қолғаптарды, төсек-орын жабдықтарын тігу.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.