Дәрігерлер мен медбикелерге алғыспен

12.08.2020

Еліміздегі індетпен күрестің ең қиын күндерінде дәрігерлер мен медбикелердің жанкешті және нағыз ерен еңбектері үшін зор зизашылық білдіру мақсатында «Богатырь Көмір» біріккен жастар қоғзалысының белсенділерінен шыққан суретшілер Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөлмесі ғимаратының қасбетіне стрит-арт салуды шешті.

Жас жұмыскерлердің бастамасына «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы қолдау көрсетті, оларға қылқалам, бояу және көше өнеріне қолданылатын басқа да қажетті компоненттер алуға қаражат бөлді. Бүгінгі күнде болашақ муралдың нобайы жасалды. Оны салуды Богатырь ЖКБ тартушы агрегат машинистінің көмекшілері Сейіржан Мұхаммедрахым және Мейрам Сұрұмбетов қолға алды. 

«Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысының белсенділері «Біз біргеміз!» жалпыұлттық акцияның аясында өткізілген бірқатар қайырымдылық акциялардың бастаушылар болғанын еске саламыз. Індетке байланысты карантин кезеңінде жас кеншілер азық-түлік жиынтығын өзін-өзі оқшаулаған екібастұздықтарға таратты. Ал жуырда, Құрбан айтты мерекелеген кезде БЖҚ белсенділері қалалық аурухананың уақытша бөлімшесіндегі пациенттерге мерекелік түскі асты жеткізуге қатысты.

Жастар ардагер көмір өндірушілерге және еңбек майданына қатысушыларға қолдан келерлік көмектерін көрсетеді. Бақшаны қазу, тазалау және үй жанындағы аймақты жинау, шарбақты жөндеу, көмір енгізу – «богатырлық» жастардың игі істерінің тізімі. Аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балалар, сондай-ақ мүгедек балалар үшін жастар әртүрлі және қызықты іс-шаралар ұйымдастырады, тәтті сыйлықтар таратады.

«Богатырь Көмір» баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу