Нұр шашқан мерекедегі игі іс

30.07.2020

Қасиетті мұсылмандар мерекесі – Құрбан-Айт қарсаңында «Богатырь Көмір» компаниясының ұжымы игі істер акциясын жалғастырды. Бұл жолы кеншілер, Екібастұз қалалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем алып жатқандарды қолдады.

Осы нұр шашқан мерекеде, кәсіпорын  дәл қазір қолдауды аса қажет ететін – провизорлық бөлімшенің емделушілеріне ыстық түскі асты ұйымдастыруды және оны жеткізуді өз міндетіне алды. Әр қайсысына жіберілген азық-түлік қағазқапшығының ішіне, әзірленген палау, бауырсақ, салат тағамдарымен бірге, «богатырліктер» шын ниетімен қолдайтындарын және уайымдайтындарын білдіретін сөздерімен қоса, тез сауығып кетулерін білдіретін тілектері бар ашық хатты да салды. Акция аясында барлығы мерекелік астың 200 бөлік тамағы берілді. Онда  «Богатырь Көмір» бірлескен жастар қозғалысының  белсенділері қатысып,  белсенділік танытты.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу