«Богатырьдағы» «Батыр»

14.07.2020

Былтырғы жылдың ақпан айында кәсіпорын сатып алған К-704Б-БКУ-«Батыр СК» тракторы жұмыста өзін үздік жағынан көрсетті.

Маневрлік және әмбебап машина рамалық құрылмасының сенімділігімен, кеніш жағдайында қолданылатын аспалы және тіркемелі жабдықтың барлық спекторларына үйлесімді заманауи трансмиссиясымен ерекшеленеді. Трактор автоматты беріліс қорабымен жабдықталған, ыңғайлы және қарапайым басқарылады. Жұмыс аймағы жақсы көрінеді, демек орындалатын жұмыс қауіпсіздігін кабинаның үлкен терезелері қамтамасыз етеді. К-704 жұмыс істейтін машинистер шаңшуды оқшаулағыш кабинаның жоғары деңгейін ескереді.

Бүгін трактор өндіру жұмыстары учаскелерінде, сондай-ақ «Богатырь» кенішінің электрмен жабдықталуына белсенді түрде пайдаланылуда: электр беру желілерін салған кезде, экскаваторларға арналған алаңшаларды тазалағанда, көмір қабаттарын қалыптастырғанда.

«Батыр» тракторының әмбебаптылығы оны жыл бойы және кез-келген жұмыс түрлеріне бульдозер ретінде қолдануға мүмкіндік береді, бұл техниканың өтелімділік мерзімін барынша қысқартады. 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу