Адамдар үшін сенімді тірек

09.07.2020

Екібастұздықтармен бүкіл ел үшін осы қиын кезеңдерде «Богатырь Көмір» компаниясы қалаға баға жетпес көмек көрсетті.

Екібастұз әкімдігімен әлеуметтік саладағы өзара ынтымақтастық туралы жасалған Меморандум аясында, кәсіпорын Екібастұз қалалық аурухананың жұқпалы аурулармен уақытша стационар емделушілері үшін 20 оттек ылғалдауышын сатып алуға 2 600 000 теңге бөлді, сонымен қатар оған қоса, 30 оттек құйылған баллон берілді. Берілген аппараттар оттек терапиясын жүргізуге аса мұқтаж, өкпе қабынуының ауыр түрімен емделушілердің ауру бетінің қайтуын жылдамдатуға көмегі тиеді. Осы емдік жабдықты сатып алу жайлы кәсіпорын басшылығына Екібастұз қалалық ауруханасының әкімшілігі өтініш білдірген болатын. Атап өту керек, «Богатырь Көмір» қалалық ауруханаға бұрында көмек көрсеткен. Кәсіпорынмен 6 000 000 теңге көлемінде бөлінген қаражатқа жұқпалы аурулар бөлімшесін қосымша жарықтандыру үшін жиһаздармен тұрмыстық техника сатып алынды. Одан басқа, індетпен байланысты карантин кезінде, Серіктестік тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек төлеу үшін «Жаңа Павлодар» облыстық қорына 10 000 000 теңге жіберді.  Сондай-ақ, осы жазда Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы тұрғындарының су тасқынынан зардап шеккендердің тағдырына да компания қатыспай қоймады. Онымен 1 000 000 теңге жеті елді мекен тұрғындары үшін азық-түліктер сатып алуға бөлінді. «Богатырь Көмір» жебеушілігінің арқасында осы жылдың барлық «Алтын белгі» иегерлері ақшалай сертификаттарға ие болды. Алтын медаль иегерлерін көтермелеуге компания 1 760 000 теңге бөлді.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу