Қайтадан қатарда

01.07.2020

Компанияның технологиялық көлік басқармасының арнайы техникалар паркіне жататын XCMG LW 300 F фронтал тиегіш қайтадан өндірістік үдеріске тартылды. Оның жұмысындағы аз ғана үзіліс жоспарлы күрделі жөндеумен байланысты болды, оның барысында машинаның трансмиссиясы мен жүріс бөлігі жаңартылды, сондай-ақ іштен жанатын қозғалтқышы ауыстырылды. Жоспарлы жөндеудің арқасында машинаның пайдалану мерзімі үш жылға немесе 10000 мотосағатқа ұзартылды. Бүгін тиегіш «Богатырь» кенішінің №1 өндіру жұмыстары учаскесінде көмір-жынысты тиеу кешенінде (КЖТК) конвейер астындағы шөгінділерді жинау үшін қолданылуда, сонымен қатар қиыршықтасты, құмды және т.б. тиеген кездегі қосалқы  жұмыстарға  тартылады. LW 300 F 3 тонналық тиегіштер класына жатады (оның жүк көтергіштігі де сондай). LW 300 F жүк артатын ең жоғары биіктігі 2 892 мм құрайды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу