Қайтадан су жаңа

25.06.2020

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің технологиялық көлік басқармасында, жоспарлы күрделі жөндеуден соң САТ 785 №141 ауыр жүк самосвалы пайдалануға берілді. Жөндеу барысында машинаның барлық негізгі тораптары – қозғалтқышы, трансмиссиясы, дифференциалы, борт бәсеңдеткіші, артқы және алдыңғы аспалары, реактивті тартқышы, рөл цилиндрлері, рөл тартқыштары, шанақты көтеру цилиндрлері ауыстырылды.

Жүргізілген жөндеу 130 тонналықтың техникалық ресурсын ұлғайтуға және оның пайдалану мерзімін 6 жылға ұзартуға мүмкіндік берді. Қазір САТ 785 №141 «Богатырь» кенішінде №3 өндіру жұмыстары учаскесінде көмірді тасымалдайды. Компанияда тау-кен-көліктік жабдыққа уақытында техникалық қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінетінін айта кеткен жөн. Жуырда Caterpillar Д9N8 бульдозеріне және  Caterpillar 16H грейдеріне күрделі жөндеу жүргізілді.    

 

Жаңалықтар тізіміне оралу