Алтын Белги

04.06.2020

Қаланың барлық мектептерінде түлектерге салтанатпен құрмет көрсетілді.  Осы оқиғаға арналған салтанатты ісшарада «Алтын белгі» белгісіне ие болған 23 оқушы ақшалай сертификаттар алды. Екібастұз қаласының әкімдігімен жасасқан әлеуметті к меморандум аясында «Богатырь Көмір» компаниясы осы бастаманы қолдады және осы қажеттілікке  1 млн. 760 мың теңге бөлді. Қалалық мәслихат депутаты, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары Мирхат Мусанап № 6 мектепке барып, түлектерді  олардың өміріндегі айтулы оқиғамен құттықтады және «Алтын белгі» төсбелгісін табыс етті.  Компания барлық түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтайды.  Алда өмірдің жаңа және үлкен кезең күтіп тұр. Сіздерге ол кезеңнен лайықты өтіп,  оқу жылдарында алған барлық білімдерінді қолдануларыңды тілейміз. Ал болашақта сіздерді «Богатырь Көмір» кәсіпорнында білікті маман ретінде күтеміз.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу