Рамазан

25.05.2020

Қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде «Богатырь Көмір» компаниясы мұқтаж жандарға және ауыз бекіткендерге көмек көрсетті.​ Екібастұз қаласы мешітінің аумағында ішінде қоюланған сүт, бауырсақтар, печенье, шоколадты кәмпиттер, минералды су, құрма, шәй бар, жалпы сомасы 4229 теңгеге азық-түліктер жиынтығы таратылды. Осы күні 100 дінге сенушілер кәсіпорыннан алған тәттілермен дастархандарын ​ толықтырып, жақындарын кешкі тамақтануға шақыра алады. «Ауызашар» рәсімі қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткендердің ауыз ашуы дегенді білдіреді. Жыл сайын компания мешітте​ ораза ұстаушылар үшін арнайы дастархан жайып, қонақтарды күтеді. Осы жолы ауыз ашар берудің бұл түрі еліміздегі карантин режимімен байланысты және көп адамның жиналуынсыз, байланыссыз түрде өткізілді. Екібастұз аймағы бойынша Қазақстан мұсылмандарының рухани басқармасының «Зекет» қайырымдылық қорының басшысы Шыңғыс Максимов «Богатырь Көмір» басшылығына алғыс білдіріп, Рамазан айының аяқталуымен құттықтады.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу