Тұрмыстық өрт

21.05.2020

Өрт – бұл қашанда қасірет болып қалмақ. Тіпті бала кезінен таныс «01-ге қоңырау шалыңыз» дүрбелеңде ұмытылып та кетеді. Өрттің пайда болуын болдырмау үшін белгілі бір ережелерді қолданған жөн: үйден шығарда, электрқыздырғыш аспаптар сөндірулі екеніне көзіңізді жеткізіңіз; стандартты емес және қолдан жасалған электрқыздырғыш аспаптарды қолданбаңыз; зақымдалған резеткіні пайдаланбаңыз; сіріңкелермен жандыратын аспаптарды балалар қол жетпейтін жерлерде сақтаңыз; тез жанғыш сұйықтықтарды және жарылуға қауіпті заттарды үйде сақтамаңыз; балкондармен лоджиларды  жанғыш материалдармен үйіп тастамаңыз;  қоқыс құбырларына немесе балконнан темекі тұқылдарын лақтырмаңыз; төсекте темекі шекпеңіз. Егер жану қайткенмен болса да, ең басты ереже -  дүрбелеңге түспеу.  Азғантай отты тығыз мата, жүнді көрпе лақтырып та немесе оған су құйып та сөндіруге блады. Егер ол сөнбесе, онда ғимараттан шығыңыз да, өрт туралы 101 қызметіне немесе құтқарушыларға - 112-ге хабарлап, нақты мекенжайды  және пәтер нөмірін айтыңыз. Өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Сөндірумен өз бетінше айналыспаңыз. Назар салыңыздар! Кернеулі электр құралын сумен сөндіруге,  шкафтарда, қоймаларда, бұрыштарға тығылуға,  түтінге оранған баспалдақ алаңдары арқылы шығуға тырысуға, жедел сатыны пайдалануға болмайды. Өрт сөндірушілермен кездесу кезінде олардың нұсқауларына құлақ асу. Сіздің отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін – өрт сөндіргішті сатып алыңыз.

Жаңалықтар тізіміне оралу