Жаңа құбыр тартқыш жұмысқа дайын.

11.05.2020

Компанияның технологиялық көлік басқармасының арнаулы техникалар паркі жаңа LIEBHERR RL56 құбыр тартқышпен толықтырылды. Кран құбыр желілерін құрғанда немесе жөндеу үдерісінде орға құбырларды төсеген кезде, сондай-ақ  жүк тиеу-түсіруді орындаған кезде қолданылатын болады.  Жаңа машина 72 тоннаға дейін жоғары жүк көтергіштігімен ерекшеленеді, күшті қозғалтқышы бар және құрылыс техникасына арналған ЕСО-ның барлық экологиялық нормаларына сәйкес. Инновациялық гидравлика жебені басқаруды қамтамасыз етеді және миллиметрлік нақтылықпен құбырды қоюға мүмкіндік береді. Ал бұл алдын ала жинақтауда құбырды  түйістірген кезде, сондай-ақ құбыр желісін жөндеген кезде маңызды басымдық болып табылады. Жаңа құбыр тартқыш кранды салынып жатқан  ЦАТ  жабдығын монтаждаған кезде белсенді түрде қолдану жоспарланды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу