Рухани негіздер мықты болу үшін

11.05.2020

Рухани негіздер мықты болу үшін

Қоғамның рухани негіздерін қолдау – компанияның әлеуметтік-жауапты саясатының өзегі. Ұзақ жылдар бойы «Богатырь Көмір» ЖШС діни конфессияларға, діни білім беру мекемелеріне, сонымен қатар аймақтың мәдени қорларына қаржылай көмек көрсетіп жүр.  Компания Ишан мешітіне – 338 000 теңге, Павлодар әйелдер монастыріне -207 000 теңге, Жандарбек қожа мешітіне -87 000 теңге бөлді. Өлшеусіз көмекті Серіктестік Екібастұз қалалық мешітіне көрсетті.  Мешіт ұсынған жылумен жабдықтау үшін қарызды өтеуге 4 000 000 теңге бөлді. 500 000 теңге осы мақсатқа «Ертіс-Баян» медресе  мектебіне жіберілді. 3 000 000 аса теңгені кәсіпорын кен орындарын алғаш ашқан Қосым Пішенбаевтың ескерткіш мазарын қайта қалпына келтіруге жұмсады. Сонымен қатар, 2 000 000 теңгені «Богатырь Көмір»  «Мәшһүр Жүсіп» қоғамдық қорының жобаларын іске асыруға жіберді.  Ұзақ жылдар бойы компания жақсы дәстүрлерді жалғастыруда – қасиетті Рамазан айында және мұсылмандардың басты мерекесі  Құрбан айтта діншілдерге арнап қайырымдылық астар береді.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу