Коронавирусқа тосқауыл

28.04.2020

«Богатырь Көмір» компаниясы өз жұмыскерлерінің денсаулығына қамқорлық танытумен, оларға қауіпсіз еңбек  жағдайын жасай отыра, қосымша қаржы шығындарын бөліп, қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізетін қосымша бағдарларды «Вольво» қосымша автобустарымен қамтамасыз етті.

Атап айтқанда, «Вольво» бес автобусы №102, 103, 105, 107, 108 бағдарларының жолына шықты.  Автобус салондарында қызметкерлерді отырғызу кезінде орындар арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтауға ерекше мән беріледі.Одан басқа, автобустарға отырғызу кезінде әр жұмыскерге күніне екі рет қорғану бетперделері беріліп отырады. «Богатырь Көмір» ЖШС үшін жұмыскерлердің денсаулығы аса маңызды, сондықтан компания әрі қарай да оларға қауіпсіз еңбек жағдайын құру үшін барлығын жасауға дайын, өз кезегімізде, барлық қызметкерлерді сақтық шараларын сақтауға шақырамыз.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу