Денсаулықты қорғауда

22.04.2020

«Богатырь Көмір» ЖШС қорғану бетперделерін беру рәсіміне бақылау шаралары күшейтілді. Барлық құрылымдық бөлімшелерде қызметкерлердің  жұмыс орнына және кері жеткізетін автобусқа отыруы кезінде, оларға бетперделер беру міндетіне кіретін жауаптылар тағайындалды.

Одан бөлек, әр жауапты тұлға жұмыскерлердің жолда болу уақытында бетперде тағу тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру құқығына ие болды. Қажет болған жағдайда, ауысым аяқталған соң бөлімше басшысына жолда болу кезінде барлық анықталған бұзушылықпен ескертулер туралы ақпарат беру қажет. Жұмыс кестесін есепке алумен, автобустардағы жауапты адамдар ауысып отырады. Одан басқа, автобазаның бас инженері жауапты тұлғалармен ауысым алдындағы нұқсамалықты және олардың автобустар салондарында болуына, зарарсыздандыруды жүргізудің тәртібі туралы жадынаманың барына таңдамалы тексерісті жиі жүргізіп тұрады. Естеріңізге салайық, медициналық бетперделер  жұмыскерлерге кезеңділігі күніне екі ретпен беріледі. Қазіргі уақытта компания 42 000 бетперде сатып алды, олардың 24 000 берілді, тағы 58 000 бетперделердің жеткізілуі күтілуде. Жалпы, кәсіпорын 400 000 бетперде сатып алуды жоспарлап отыр.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу