Коронавирусқа тосқауыл

03.04.2020

«Богатырь Көмір» компаниясында COVID-19 коронавирустың таралуын алдын алу және ескерту бойынша барлық қажетті шаралар қолданылуда.

Кешендік ісшаралар аясында, жұмыскерлерді өндірістік учаскелеріне жеткізетін жолаушылар автобустарында тұрақты түрде – күніне екі рет зарарсыздандырғыш құралдарды пайдаланумен салондарға өңдеу жүргізіліп тұрады.

Атап өтсек, осыған қоса компанияда басқа да алдын алу шаралары қолданылды – келушілерді қабылдауға тыйым салынды, құрамды жұмысқа қабылдау, кәсіпорынның спорттық-сауықтыру кешенінің, буфеттермен асханалардың жұмысы тоқтатылды.
«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу