Баспасөз / жаңалықтар

Біз біргеміз

02.04.2020

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Біз біргеміз» акциясын «Богатырь Көмір» ЖШС кеншілері қолдады.

"Nur Otan" партиясынан қалалық мәслихат депутаттары, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары – өндіріс жөніндегі директоры Серік Макаров және бас директордың орынбасары Мирхат Мұсанаптың белсенді қатысуымен кеншілер ұжымы атынан әлеуметтік көмекті қаланың аса мұқтаж тұрғындары алды. Азық-түлік жиынтығы ең қажеттілерден тұрады – макарондар, жармалар, шәй және сұйық май, қантпен тұз, сонымен қатар тазалық құралдары – медициналық бетперделер, ылғалды майлықта, антисептиктер және сұйық сабындар, қағаз майлықтары. Әлеуметтік көмекке компания барлығы 1 144 000 теңге бөлді.

Атап өтсек, «Біз біргеміз» жалпы ұлттық акциясына қатысу бастамасын «Богатырь Көмір» бірлескен жастар қозғалысы білдірді.

Бірлескен жастар қозғалысының белсенділері аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, сонымен бірге кәсіпорын ардагерлерімен  жалғыз басты зейнеткерлердің, ерекше мұқтаж  жандардың  үйлеріне әлеуметтік көмекті жеткізді.  Жасалған жиынтықты  жұмыс жастары  мұтаждарға  індет жағдайында   сақтық шараларын сақтаумен байланыссыз тәртіпте табыстады.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list