«Богатырь» кенішінде жаңа экскаватор

30.03.2020

«Богатырь Көмір» ЖШС-нде жаңа LIEBHERR HP 8040.1 экскаваторы пайдалануға енгізілді.

 Драглайн класындағы тау-кен машинасы компанияның технологиялық көлік Басқармасының техникалық паркін толықтырды. LIEBHERR HP 8040.1 машинистердің  жайлы әрі қауіпсіз жұмыс жағдайына кепіл болатын басқарудың, бақылаудың және диагностиканың жанашыл жүйесімен жабдықталған. Қазіргі таңда  экскаватор Елемес көлінен Ақбидайық көліне дейін су бурғыш каналын тазалауға жұмылдырылды. Әрі қарай оны «Богатырь» кенішінің аршу және үйінді учаскелерінде пайдалану жоспарлануда.

Сөз реті келгенде айта кетсек, оған дейін осы жылдың басында «Богатырь» кенішінде шөмішінің сыйымдылығы 15текше LIEBHERR 9250 маркалы жаңа гидравликалық экскаватормен LIEBHERR 764 екі бульдозерін іске қосқан.  Міне, тау-кен техникасының полкына тағы бір әлеуетті қуатты бірлік келіп жетті!

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу