Коронавирусқа тосқауыл

18.03.2020

«Богатырь Көмір» компаниясында COVID-19 коронавирустың таралуын алдын алу және оған қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданылуда.

Қызметкерлерге іссапарларға шығуға, келушілермен қонақтарды қабылдауға тыйым салынды. Жұмыс жиналыстарын өткізуге шектеу қойылды, барлық шұғыл мәселелер байланыс құралдарының көмегімен шешілуде. Тапшыл мамандықтардың мамандарын санамағанда, өзге құрамды жұмысқа қабылдау, сонымен қатар кәсіпорынның спорттық-сауықтыру кешенінің жұмысы тоқтатылды.

Компаниямен медициналық маскалар  сатып алынды және техникалық персоналға берілді. Жалпы қолданыстағы барлық ғимараттарда зарарсыздандырғыш құралдарды пайдаланумен қосымша тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Қолды жуу үшін антисептигімен сұйықтығы бар мөлшерлегіш орнатылды, асханалар қолға арналған антисептикалық құралдармен жабдықталған.

Карантин кезіндегі  сақтық шаралары туралы ақпарат компанияның жұмыскерлеріне электронды пошта, әлеуметтік желілердегі корпоративтік аккаунттар және Серіктестіктің барлық құрылымдық бөлімшелеріндегі ақпараттық стендтар арқылы жиі жеткізілуде.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу