Баспасөз / жаңалықтар

Адамдарға деген кұрметпен

10.03.2020

«Богатырь Көмір» компаниясы кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне 2019 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша айлық тарифтік мөлшерлеменің (айлықақының)100% көлемінде  сыйлықақы төлеумен, кезекті рет жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қараудың және әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Одан басқа, Халықаралық әйелдер күніңе орай, қызметкерлердің әрқайсысы 7953 теңге көлемінде сыйлықақы алды, ал олардың ішінде ерекше көзге түскен 31 қызметкер алғыс хатпен және 30 000 теңге көлемінде сыйлықақымен марапатталды. Компания өз ардагерлерінде ұмытқан жоқ. 8 Наурыз мерекесі қарсаңында компания 1061 ардагер әйелдерге жалпы сомасы 2 700 000 теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

Back to news list