Баспасөз / жаңалықтар

Супераналарға сыйлықтар табыстады

06.03.2020

Сұлу да, дарынды, қамқорлық танытатын және сүйетін, ұқыпты және мейірімді- осы және басқа да теңеулерді "Суперана-2020" байқауының қатысушыларына қатысты шексіз тізімдеп айта беруге болады.

Бүгін "Суперана" атағы үшін кәсіпорын қызметкерлері арасында алғашқы рет ұйымдастырылған бейнероликтер байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі кезінде олардың, әрқайсысына көңіл бөлінді. Компания басшылығы атынан келе жатқан 8 наурыз мерекесімен қатысушыларды бас директордың бірінші орынбасары- қаржы директоры Асылхан Қадырбаев құттықтады:- Әйелдердің ең басты парызы- ол ана атану. Сіздер бар жерде тыныштық орнайды. Сіздерді ерлеріңіз бағалап, алақандарына салып, аялап жүрсін, ал ұлдарыңыз көмекшілеріңізбен сенімді тіректеріңіз болсын. Алғашқы "Суперана" байқауына белсенді қатысқандары үшін қызметкерлерге өз ризашылығымен жүрекжарды тілегін жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Азат Қабидулаұлы білдірді. Қатысқаны үшін грамотамен және 3000теңгенің сертификатымен марапатталғандар: Абельдинова Инга, Чергейко Татьяна, Бражник Олеся, Исенова Жанар, Окованцева Загия, Мусина Екатерина, Дюко Ольга, Коршикова Ольга, Швецова Светлана, Бузмакова Даяна, Бектемирова Наталья, Смирнова Ирина. Дипломмен және 5000 теңгенің сертификатымен "Профи-ана" аталымында Боранбаева Гауһар, "Спорт ана" аталымында- Ваганова Евгения, "Шоу мама" аталымында-Иванова Наталья, "Алтын қол" аталымында-Иткулова Назима, "Босс-ана" аталымында-Сыздықова Дана. Жүлделі 3-орын дипломымен 10 000теңгенің сертификатына Ерботина Манар, жүлделі 2-орын дипломымен 15 000 теңгенің сертификатына Ястремская Анна ие болды. "Суперана-2020" байқауының жеңімпазы және басты жүлде- 1-орын дипломымен 20 000 теңгенің сертификатының иегері интернетте дауыс берудің нәтижесі бойынша Гүлнарима Садықова атанды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list