Баспасөз / жаңалықтар

Компания әйелдерін құттықтады

06.03.2020

«Богатырь Көмір» компаниясының нәзік жанды арулары таңертеннен бері келе жатқан 8 наурыз мерекесінің құрметіне ер азамат-әріптестерінен гүлдер мен құттықтаулар алуда.

Әйелдер күніне арнайы кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде көркем фотоаймақтар орнатылған, онда қызметшілердің барлығына құттықтау сөздері жазылған. Ер азаматтардың жағымды тосын сыйлары мен әйелдердің қуанышты күлкілері – бүгінгі күнді ұмытылмас мерекелік көңіл-күйге толтырды. Компания әкімшілігі барлық ханымдарға тамаша сыйлық тарту етті. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйелдердің барлығы сыйлықақылар алды, ал аса белсенді қызметшілер алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.

Компания бөлімшелеріндегі мерекелік іс-шаралар туралы толық фотоесепті «bogatyr.kz»  аккаунтынан көруге болады.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Back to news list