«Богатырь Көмір» футбол құрамасының зор жеңісі жалғасуда.

02.03.2020

Кеншілер футбол бойынша бұрын жеңіп алған қала және облыс чемпиондары атақтарына шағын-футбол бойынша қала чемпиондары атақтарын қосты.

Бір маусымда үш бірдей кубокты жеңіп алып, шағын-футбол бойынша қала чемпиондары атану богатырлықтардың тарихында бірінші рет болып отыр. Футзал бойынша қала біріншілігінің қорытынды ойындарына біздің жасақ көшбасшылардың бірі ретінде келді. Кездесуде 6:4 есеппен «Промсервис-Отан» командасын және 6:3 есеппен ЕМАЭС-1 командасын жеңіп алған кеншілер қорытынды турнирлік кестеде бірінші орынға ие болды. Біздің команданың құрамында қала чемпиондары болғандар: Виталий Пухов, Мұрат Ахметшарипов, Мұрат Негодюк, Алмас Қасенов, Руслан Шишкин, Жасұлан Досумов, Данат Кеншібаев, Элвин Алояров. Мұрат Ахметшарипов турнирдің үздік ойыншысы болып танылды, «Үздік қақпашы» атағы Виталий Пуховқа берілді. Команда таяу уақытта алда болатын еурокубокқа дайындықты бастайды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу