Жеңістен жеңіске

02.03.2020

Ең мықты волейбол командаларының үштігі ішкі біріншіліктің қорытындысы бойынша анықталды.

ТКЖЖ зауытының, технологиялық көлік басқармасының, темір жол жабдықтарын жөндеу бойынша дирекциясының, бас энергетик қызметінің, автобазаның және атқарушы аппараттың  құрамасы компания чемпионы атағына күресу үшін волейбол алаңында кездесті. Ең мықты команда атағын ТКЖЖ зауытының жасағы жеңіп алды, екінші орын ТКБ командасына бұйырса, ТЖЖЖД құрамасы үшінші орынды қанағат тұтты.

«Богатырь Көмір» спортсмендері облыстық жарыстарда кезекті жеңістерімен атап өтілді. Аралас жекпе- жекте 77 келіге дейінгі салмақ категориясында алтынды технологиялық көлік басқармасының қызметкері Амангелді Смағұлов жеңіп алды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу