Абай мерейтойына

28.02.2020

"Богатырь Көмір" қызметкерлері Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған жатқа өлеңдер оқумен әндер орындау байқауына белсене қатысты.

Ісшара қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы шығармашылығын насихаттауға бағытталды. Он екі қатысушы өздерінің шеберліктерін, әртістілігін, автордың шығармашылығына үңілуді көрсете білді. Тек қана өлеңдер оқыған жоқ, сонымен қатар өлеңдеріне жазылған әндерді де орындады. Қаламыздың белгілі тіл жанашырлары,құрметті азаматтары  төрелік еткен қазылар алқасы байқауға қатысушылардың орындауларын лайықты бағалап, жүлделі орындарды келесі түрде бөлді:  бірінші орын- құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қазақ тілі тобының аудармашысы Гүлнарима Садықова;  автобазаның АТЦ-3 автомобиль жүргізушісі Қуандық Тұманбаев; ТЖЖЖД жылжымалы құрам слесарі Райымбек Жабай. Екінші орын-телекоммуникация қызметінің экономисті Анаргүл Аубакирова; ҚҚБ қазақ тілі тобының қазақ тілі мұғалімі Гауһар Боранбаева; БЖКБ пойыздар құрастырушысы Нұрмахан Байбешов. Үшінші орын- "Богатырь" кенішінен қатысқан Нұрдолдой Нұрланбек; ТКЖЖ зауытының инженер құрастырушысы Руслан Темірханов және компаниядағы кәсіподақ ұйымының хатшысы Гүлмира Сәрсекенова.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу