Экология басымдылықта

26.02.2020

«Богатырь Көмір» компаниясы өткен жылы табиғатты қорғау ісшараларына 2 миллиардтан аса теңге жұмсады, ал бұл қоршаған ортаға 38 634 700 тоннаға төмендетуге мүмкіндік берді.

93 000 000 аса теңге роторлы экскаваторларда қазу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң басуға жұмсалды. 75 000 000 жуық теңге үйінділердің үюлерін инертті жыныстармен оқшаулау және үйінділер жаппасын нығыздау бойынша, қышқылдандыру үрдістерін алдына алу және үйінділерге қаттайтын құрамында көмір бар жыныстарды өздігінен жануды болдырмау үшін ісшараларды іске асыруға бөлінді. Сыртқы үйінділерде аршу жыныстарының көлемі, олардың «Северны» және «Богатырь» кеніштерінде ішкі үйінділерге орналастыру едуәір төмендетілді. Шаңды басу үшін кеніштердегі автожолдарда шахта суларын пайдалану Ақбидайық және Тұз жинақтағыш көлдеріне шахта суларымен ластағыш заттардың төгілуінің қысқаруына септігін тигізді. Компанияда қалдықтар көлемін бірте-бірте қысқарту жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Әрі қарай пайдалануға жарамды қалдықтар бөлігі өнімді өндіру кезінде шикізаттарды және өзге де материалдарды жартылай немесе толық ауыстыру үшін сырт ұйымдарға беріледі.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу