Қысты өткізді

29.02.2020

"Богатырь Көмір" ЖШС спорттық-сауықтыру кешенінде "Задоринка" ансамблінің көңілді әндерімен қысты шығарып салды.

"Қайнар" ББК аула клубтарынан шақырылған 70тен аса бала "Көңілді старттарға" қатысты. Таза ауадағы ойыннан соң, қонақтар ыстық шәй ішіп, мерекенің басты нышаны- құймақтан дәм татты. Олардың алуан түрлілігі бәрін тәнті етті- қарақұмық, жүгері, күріш, зығыр жасыл шөп және көкнәр қосылған. Компаниямыздың қоғамдық тамақтану комбинатында қызмет ететін Наталья Уланованың құймақтан жасаған сұлу ханшайымы көрменің сәнін келтірді. Мереке соңы Масленица қарақшысын өртеумен және тәтті сыйлықтар таратумен аяқталды.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу