Қайтадан қатарда

25.02.2020

«Богатырь» кенішінің №3 өндіру жұмыстары учаскесінде жөндеу жүргізілген соң Liebherr R 9350 гидравликалық экскаваторы жұмысқа жіберілді.

Кеніштің және бас энергетика қызметі мамандарының біріккен жұмысының барысында экскаватордың жаңа қозғалтқышы монтаждалды, гидравликалық жүйесі мен электржабдығы жаңартылды. Жүргізілген жөндеу «Богатырь» кенішіндегі Liebherr ең күшті экскаваторды қатарға қосуға мүмкіндік берді. Liebherr R 9350 шөмішінің сыйымдылығы – 21 текше. Кеніште іске қосылған, шөмішінің сыйымдылығы 13 текше Liebherr R 994 және осы жылдың қаңтар айында пайдалануға берілген, шөмішінің сыйымдылығы 15 текше Liebherr R 9250 өндіру учаскелерінде қолданылуда.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу