Жеңістерге жетті

18.02.2020

Алтын медальдар топтамасын облыстық іріктеу жарыстарында компанияның спортсмендері жеңіп алды.

Армрестлинг бойынша турнирде алтынға Тахир Ілиясов («Богатырь» кеніші, салмақ категориясы 70келіге дейін) және Жандос Булатов (бас энергетик Қызметі, салмақ категориясы 60 келіге дейін) қол жеткізді. Гір спортында жоғары шеберлікті Айдар Қапезов (ТКБ, салмақ категориясы 95 келіге дейін), Қаныбек Масақбаев (Автобаза, салмақ категориясы 73 келіге дейін) растады. Тамаша нәтижені компанияның спортсмендері жүзу бойынша қалалық жарыстарда көрсетті. Өзінің жас санаттарында бірінші орынға болғандар: Елена Нападовская (БЖКБ), Александр Рожков («Богатырь» кеніші), Сара Прокофьева (БЭҚ), Анатолий Абашин (БЖКБ). Екінші орын алғандар: Светлана Пирогова (БЖКБ), Валентина Муллина (КҚД), Марат Елубаев («Халық  Денсаулығы» ҚҚ). Жүлделі үшінші орын Бахтияр Мендыбаевқа (БЖКБ) бұйырды.

Богатырь ЖКБ және «Богатырь» кенішінің  учаскелері арасында 18 команда қатысқан волейбол бойынша біріншіліктің қорытынды ойындары аяқталды. Жарыстардың қорытындысы бойынша  БЖКБ жүлделі үштігін «Эксплуатация» ЖҚД (1 орын), «Степная» ЖҚД (2 орын), ЭФУ (3 орын) құрады. «Богатырь» кенішінің тобында – басқарма командасы 1 орын, темір жол кешенінің құрамасы 2 орын, ЖжәнеҮЖУ жасағы №3 3 орын.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу