Алғаш рет Еврокубокқа

21.02.2020

«Богатырь Көмір» футбол командасына EURO BUSINESS CUP беделді турниріне қатысуға шақырту келіп түсті.

Бұл құрметке компанияның құрамасы Павлодар облысының әрекеттегі чемпион ретінде ие болды. Европа кубогында корпорацияның ең мықты 32 футбол командалары арасында біздің жасақ Қазақстанның жалғыз өкілі болады.  Баруға қатысты барлық шығынды кәсіпорын өз мойнына алады. Біздің құрама үшін – бұл халықаралық  клуб жарыстарындағы бастама болады. Бұрын команда тек қалалық, облыстық және республикалық турнирлерде ғана табысты ойын көрсететін. 13 - 17 мамыр аралығында өтетін EURO BUSINESS CUP басқа, «Богатырь Көмір»  құрамасы осы жазда Наурыз Кубогының іріктеу кезеңіне қатысуды жоспарлап отыр.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу