Открытие детского игрового комплекса и Workout площадки

05.02.2020

Бүгін М.Жүсіпа-Торайғыров көшелерінің ауданында балалар ойын кешені мен  Workout алаңының ашылуы болды. Аталмыш игілікті іс «Богатырь Көмір» компаниясы мен қала әкімдігінің арасындағы қол қойылған әлеуметтік саладағы өзара  ынтымақтастық туралы меморандум аясында атқарылды. Жаңа нысанды қалаға тапсыру рәсіміне «Богатырь Көмір» ЖШС  бас директорының орынбасары Мұсанап Мирхат қатысты. Ол, компанияның аймақтың әлеуметтік салада дамуына аса көңіл бөлетіндігін атап өтті. Ашылу салтанатына қатысқан барша бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл күй мен қатар қаламыздың бас кәсіпорынынан тәтті сыйлықтарға да ие болды.

«Богатырь Көмір» ЖШС әлеуметтік жауапкершілігі мол компания, кәсіпорынның демеушілігінің арқасында аймақта бірқатар спорттық және мәдени жобалар жүзеге асырылды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу